Үкімет отырысында VIP-нөмірлердің мемлекет қазынасына 5 миллиардтан астам қаржы кіргізгенін мәлімдеген Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко: «Соңғы 3 жыл ішінде ІІМ мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 15760 «ерекше сұранысқа ие» нөмірлері рәсімделіп, ел бюджеті 5 миллиард 548 миллион теңгемен толықтырылған.  Мұндай Халыққа Қызмет көрсету орталықтары алдағы уақытта елдің өзге де аймақтарында ашылады. Мәселен, келесі жылы Мамандандырылған ХҚО Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында өз жұмысын бастамақ», — деген деректерді алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз