2017 жылдың 1-і қазандағы мәліметтеріне сәйкес, еліміздегі 19 мыңнан астам компания мемлекетке 297,3 млрд теңге көлемінде салық төлеуі тиіс. Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректеріне сүйенсек, 9,6 мыңнан астам компания 4 ай аралығында 288,6 млрд теңге көлемінде салықты төлемеген. Ең ірі қарыздың мөлшері 13,4 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар 4 ай аралығында 10 АЕК (1 АЕК – 2 269 теңге) көлеміндегі салықты 9,5 мың компания мен жеке кәсіпкер төлемеген. Ал төлеуге қажетті салықтың мөлшері – 8,7 млрд теңгеге жеткен. Мемлекеттік кірістер комитеті 6 айда қызметкерлеріне зейнетақы жарнасын аудармаған компанияларды да анықтаған. Ондай компаниялардың саны – 63,5 мың. Ал аударуға қажетті жарнаның көлемі – 3,5 млрд теңге. Одан бөлек, 2017 жылдың 4 айында 711 компания 18,3 млрд теңге көлеміндегі кеден төлемдеріне ақша аудармаған. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сүйенсек, 2017 жылдың басынан бастап, 940 кәсіпорын мен кәсіпкер банкрот деп мойындалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз