«Scat» әуекомпаниясында тағы да шу шықты. Бұл жолы әуежайдағы келеңсіздіктер жайлы Астана тұрғындары шағымданды. Олардың айтуынша, авиакомпанияның немқұрайды қызмет көрсетуінің салдарынан туристер Хайнань аралдарынан елге «әупірімдеп» әрең жеткен. Компания елде балаларға арналған билет бергенімен, қайтарда бүлдіршіндерге отырғызу талонын бермей, ата-аналарды әбден әуре-сарсаңға түсірген. Әуе компаниясы өкілдері «әлгіндей» әрекеттерін: «Бортта орын жоқ, сондықтан жеткіншектерге ата-аналарымен бір орынды бөлісіп қайтуға тура келді», — деп түсіндірген. Осылайша Хайнаньға барған азаматтардың демалысының басы «тәтті» болғанымен, соңы «қатты» аяқталыпты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз