Астанада өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың 10 айы бойынша есеп берген «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев: «Елімізде негізгі ауыл шаруашылығы техникасының 284 мың данасы бар. Бірақ көбі ескі. Оның 80 пайызы 15 жылдан астам уақыт бойы қолданыста болған, ескірген техника (ауыл шаруашылығы техникасының орташа амортизациялық мерзімі 10-12 жыл). Биыл отандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау секторын жандандыру мақсатында Корпорация Лизингтік компаниялардың қауымдастығын құрған болатын. Бұл өз кезегінде лизингті дамыту бойынша амалдар мен бірегей стандарттарды енгізуге мүмкіндік берді. Қыркүйек айының ортасында Корпорация мен үш қауымдастық – несие серіктестіктері, лизинг компаниялары мен ауыл шаруашылығы техникасы машина жасаушылар қауымдастықтарының өкілдері бас қосып, ынтымақтастық жөнінде келісім бекіткен болатын. Корпорация ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарды сатып алу үшін «Агротехника» және «Агроэкспорт» (экспортқа бағытталған жобалар үшін) бағдарламалары арқылы кредиттерді беруді бастады», — деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз