Ұлтымыздың төл спорты — қазақ күресі биыл тұңғыш рет Конфедерация кубогы аясында өтетін доданың бағдарламасына енді. Конфедерация Кубогы биыл екінші рет жалауын желбіретеді. Оған осыған дейін бокс, дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес түрлері енген болатын. Биылдан бастап ерекше форматтағы жарысқа қазақтың төл спорты қазақ күресі де қосылып отыр. Желтоқсанның 1-і күні Алматыда қазақ күресінен клубтар арасындағы жарыстың іріктеу кезеңі өтсе, желтоқсанның 2-3 күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында іріктеуден өткен 4 команда Конфедерация кубогының аясында өзара жүлдегерлерді анықтайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз