ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына ҚР Парламеті Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыру жөніндегі құжатты қабылдады. Аталған заң жобасына қатысты баяндаманы ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Симонов жасады. Ол аталған құжаттың өте маңызды екенін атап өтті. Депутаттар «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына ҚР Парламетінің Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыру жөніндегі құжатты қолдап дауыс берді. Нәтижесінде аталған заң бірауыздан қабылданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз