Otyrar.kz сайты: «Оңтүстік Қазақстанда мұнай құбырынан шикізат ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және прокуратураның бірлескен жедел-тергеу тобы қолға түсірді»,— деп хабарлайды. Он екі адамнан құралған қылмыстық топтың құрамында мұнай құбырын күзетуі тиіс мекеме қызмкеткерлері де болған. Күдіктілер «Қазтрансойл» акционерлік қоғамының Павлодар-Шымкент бағытындағы мұнай құбырынан шикізат ұрлаған. 12 адамнан құралған қылмысты топ облыстың бірқатар ауданында мұнай құбырын ойып, сол арқылы қара алтынды ұрлап келген. Ал мұнай құбырын күзетуді қамтамасыз еткен «КМГ-Секъюрити» ЖШС қызмкеткерлері де бұл қылмысты топтың құрамында болған. Қазіргі таңда оннан астам ұрлық фактісінің салдарынан жүздеген тонна мұнай жымқырылған. Қазіргі таңда қылмысты-процессуалды кодекстің 262-бабының 1 және 2-тармағымен, 188-бабының 3 және 4-тармақтарымен қылмыстық іс қозғалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз