Биыл Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Сапсан» жедел тобы құрылған болатын.
Бұл топ тікелей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріне есеп беретіндігін айта кеткен жөн.
Жедел топтың негізгі міндеттері — жануарлар дүниесін, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру және қажет болған жағдайда осы салалардағы лауазымды тұлғалардың құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу болып табылады.
«Сапсан» жедел тобы Ақмола облысының аумағында экологиялық заңнаманың сақталуына байланысты Кеңес, Красноборское және Отрадненское коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында екі мекемеде жалпы көлемі 56,96 м3 заңсыз ағаш кесіп орман шаруашылығына 861 262,88 теңге көлемінде зиян келтірілгені анықталды.
Кесілген учаскелерді тексеру кезінде орман ағаштарын дайындау кесу және тасымалдау тәртібін бұзу фактілері тіркеліп, орман шаруашылығына келтірілген зияны 11 3030,25 теңгені құрады.
Сонымен қатар, ағаштарды кесіп беруді бағалауда құқық бұзушылықтарды анықтады. Тексеру нәтижесінде барлығы 4 қылмыстық іс қозғалды.
Зейін Әліпбек

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз