Үкімет отырысы барысында 2025 жылға дейінгі статегиялық даму жоспары жобасының негізгі ережелерін таныстырған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Құжат негізгі тапсырмаларға қол жеткізілген, қолданыстағы 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының орнын басады. Өзгеріп отыратын жаһандық ахуалды және Ұлт жоспары – 100 нақты қадам, «Рухани жаңғыру» және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» секілді жаңа құжаттардың қабылдануын есепке ала отырып, Стратегиялық жоспар 2025 жылға дейінгі мемлекеттік саясаттың ортамерзімдік мақсаттарын, міндеттерін және басымдықтарын айқындайды», – деді Негізгі екпін XXI ғасырдағы халықаралық деңгейдегі табысты даму мен бәсекелестіктің негізгі шарты – адами капиталды арттыруға салынып отыр. Жоспарда болашақтағы экономикалық саясаттың негізгі драйверлері (мәселен, адамдардың құзыреті мен дағдыларын, технологиялар мен цифрландыруды дамыту, өңірлердің рөлін күшейту, жасыл экономикаға өту) қамтылған. Стратегиялық жоспар Қазақстанның 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспарын айқындап, ЭЫДҰ елдерінің деңгейін әлемнің дамыған елдерінің лигасына апаратын жолдағы адамдардың өмір сүру сапасын аттыруға әкеледі, экономиканың сапалы және тұрақты өсіміге қол жеткізеді», — деп сендірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз