rus.ozodlik.org: «Өзбекстанда Ташкент қаласы Алмазар ауданындағы «Шаршара» шұжық цехына Хорезм облысынан 69 келі есек етін тасымалдаған екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Есек етін сиыр еті деп рәсімдеген цех қызметкерлері де тергеуге алынды»,— деп хабарлайды.  Ташкент қаласы құқық қорғау органының қызметкері: «Құқық қорғау органдары 21 қараша күні шұжық цехына рейд жүргізіп, аталған цехтан заттай айғақ ретінде 275 келі сапасыз ет тапты. Тексеру кезінде Хорезмнен тасымалданған 69 келі есек етін цех қызметкерлерінің сиыр еті деп рәсімдегені анықталды. Олар есек етін басқа да сапасыз еттермен араластырып отырған. Алынған етте адам денсаулығына қауіпті есек еті бары анықталған. Қазіргі уақытта «Шаршара» жартылай фабрикаттарды дайындау цехында қызмет ететін екі қызметкерге және Хорезм облысынан цехқа 69 келі есек етін тасымалдаған екі адамға қатысты Өбекстан Қылмыстық кодексінің 186 бабының 1-тармағына сәйкес («Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды өндіру, сақтау, тасымалдау немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,— дейді. Жалпы, Өзбекстанда есек еті ең арзан ет болып саналады, ол сиыр етіне қарағанда 4 есе арзан тұрады. Бір есектің құны шашамен алғанда 150-200 мың сом тұрады (18-24 АҚШ доллары). Естеріңізде болса, біраз уақыт бұрын Өзбекстанның кей облыстарының дәмханаларында есек етін тағамға пайдаланып, шұжық өнімдеріне де қосқандары туралы айтылған болатын. Сонымен қатар, BBC News-тің: «Қытайда еті мен терісіне сұраныс күрт өсуіне байланысты әлемде есектердің саны азайып бара жатыр. Аталған елде есектің еті мен терісінен денсаулыққа пайдалы тағамдар жасалады және дәстүрлі медицинада қолданылады. Сұраныстың жоғарылығы себепті Қытайда есектер саны азаюына байланысты оның еті мен терісін сататындар тауарды басқа елдерден әкелуге мәжбүр болып отыр. Осыған ұқсас құбылыс Қазақстанда да шығып, аймақтарда есек ұрлығы көбейген»,— деп жазғаны да бар-ды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз