Шырайлы Шымкент өңірінде жаз бойы есек ұрлап, байлыққа кенеліп жүрген ұрылар ұсталды. Полицейлер сұқ қолдылар қылмыстық топ құрған деген мәлімдеме жасап отыр. Бір қызығы, есек ұрлағандарға жәбірленушілер кешірім берген көрінеді. Есек ұрлаған «банда» тобында 27-30  жас аралығындағы азаматтар болған. Әккі ұрылар жануарды сойып, олардың терісін өткізіп, ақшасын өз керектеріне жұмсапты. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі миллион теңгені құрап отыр. Күдіктілерге Сарыағаш ауданындағы аумақта 20 рет есек ұрлаған деп айып тағылды. Жергілікті тұрғындар полицияға арызданып, 5 есек ұрланғанын көрсеткен. Осы сияқты арыздармен полицияға он шақты жәбірленушілер келіпті. Ұрылар есекті жайылымдардан ұстап әкетіп отырса керек. ОҚО ІІД баспасөз қызметі: «Аталған жайт негізінде қылмысты кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда күдіктілер жәбірленушілерге келген шығынды толығымен өтеді. Соттың шешімі бойынша екі тарап келісімге келді»,— деген мәлімдеме жасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз