hronikatm.com: «Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Лебап велаятына барған іссапарында аймақтағы әкімшілік-территориялық бөліністердің атауын өзгерту туралы қаулы шығарды. Құжатқа сәйкес, елдің бірінші президенті Сапармұрат Ниязовтың құрметіне қойылған кейбір территориялық атау өзгертілді. Атап айтқанда, Ұлы Түрікменбашы атындағы аудан таратылып, енді ол Дөвлетли ауданына тиесілі болды. Ниязовтың әкесінің есімімен аталған Атамұрат ауданы мен Атамұрат қаласының атаулары Керкі ауданы мен Керкі қаласы болып ауыстырылды. Сердарабат ауданының атауы (Сердар – Сапармұрат Ниязовтың титулдарының бірі) Чәрджев ауданы болып алмастырылды. Дән ауданындағы Ниязов ауылының атауы Тәуелсіздік болып өзгерді»,— деп жазады. Кейін Гурбангулының есімін келесі ел президенті тарих бетінен жоғалтуға тырысар, кім білсін. Өйткені: «Дүние — кезек»,— деген аталы сөз бар ғой.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз