Есімі күллі әлемге танымал әйгілі сәуегей Ванганың жаңа 2018 жылға жасап кеткен болжамдарын жария еткен fishki.net сайты: «Ванганың айтып кеткен сөздеріне сенсек, 2018 жылы Жерге жатпланеталықтар қонып, алып топан су болады. Еуропа соғыс пен сырқаттардан зардап шегіп қана қоймай, Жерге қонған жатпланеталықтардың кесірінен топан су астында қалады. Осылайша жарты Еуропа су астына кетеді. Ал, АҚШ соғыстар мен экономикалық дағдарыстардан ыдырап кетеді. Шығыс пен Батыс арасындағы соғысқа қатысты болжамында Ванга Сирияда туындаған жанжал салдарынан екі әлемдік держава арасында қақтығыстар болатынын көріпті. Бұл Ресей мен АҚШ немесе Қытай болуы мүмкін. Ванганың пікірінше, Ресей гүлдене түседі. Ал ғалымдар үлкен серпіліс жасап, адамдар Күнге дейін ұшу мүмкіндігіне ие болады. Алайда табиғат пен экология қатты нашарлап, адамдар түрлі дертке шалдығатын болады. Сәуегей болжамдары, міне, осындай»,— дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз