Астанада өтіп жатқан ұлттық телекөпір барысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтөбе облысындағы «Бозой» қоймасында газ кептіру қондырғысын іске қосты. Аталған жобаны іске қосу арқылы ел үшін маңызды дүниені шешкенін атап өткен .Мемлекет басшысы:

«Біз мұнай мен газды шығаратын мемлекет бола тұра, сол газға тәуелді болып келдік. Біресе Ресейден, біресе оңтүстігімізден. Қыста оңтүстігіміздегі қазақтардың бәрі тоңып-жаурап, қайдан газ аламыз деп, үкімет болып, ел болып сұрап жүрдік. Енді, міне, қазір содан шығу үшін біз бұл мәселені шештік.

Мына құбыр өте қажет. Елді газдандыру үшін ғана емес, экспортқа шығаратын газға ие болдық. Болашақта Қашағаннан, Қарашығанақтан шығатын газ бар, көлемі 70-80 миллиардқа жеткен кезде, газды экспорттаушы ел боламыз. Бұл — бір. Екіншіден, ол газды құрғақ түрінде бермей, өңдеп, сол газдан шығаратын өнімдерді көбейтуіміз қажет. Сондықтан, сіздер ел үшін өте маңызды дүниені шештіңіздер. Еңбектеріңіз табысты болсын!» — деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз