Аталған мәселеге қатысты БЖЗҚ АҚ ОҚОФ бөлім басшысы Әбдімұрат Исабаев: «Келер жылы базалық зейнетақыны есептеу жұмыстарына өзгерістер енгізіледі. Тіпті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін төлемді есептеу тәртібіде өзгеше болмақ. Заңды құжат күшіне енгеннен бастап, мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып тағайындалатын болады. Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек тәжірибесі 10 жылдан төмен болса, онда бұл көрсеткіш базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды.

Яғни бұл төлем 14 416 теңгеге тең. Керісінше еңбек тәжірибесі 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға өсіп отырады. Ал 33 жылдан жоғары болса, зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрап, одан асырылмайды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы қорынан төлем алу жолы да өзгермек. Сонымен қатар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, нәзік жандардың зейнетке шығу жасы да 6 айға ұлғаяды.

Тіпті бұл үрдіс жүйелі түрде жыл сайын іске асатын болады. 1960 жылы 1 қаңтар мен 30 маусымда туылған азаматтардың барлығы 58,5 жаста зейнетке шығатын болады. Ал 1960 ж 1шілде мен 31 желтоқсан аралығында туылғандар 2019 жылы зейнетке 59 жаста шығатын болады. Дәл осылай 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып, осы жылы ерлер мен әйелдер де 63 жастан зейнетке шығады»,— деген түсінік берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз