Ақорданың баспасөз қызметі:
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтон қаласына барды. Ресми сапар аясында Қазақстан президенті АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады»,— деп хабарлайды.