Бұл сауалды ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында көтердіген Палатаның вице-спикері  Владимир Божко:

«Аталған мәселеде ең басты қолбайлау— ел аймақтарында сотмедсарапшылардың жетіспеушілі мен заманауи мәйітханалардың салынбауы.  Еліміздегі құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіндердің барлығы дерлік аталған сала бойынша облыс өңірлеріндегі көптеген аудандарда сотмедсарапшылардың жоқтығы салдарынан тергеушілерді мүрделер мен қылмыстық іс бойынша материалдарды орталықтан 200-ден 500 мың шақырым шалғайда орналасқан сотмедсараптама бөлімдеріне жіберуге мәжбүрлейді.

Ал, ол өз кезегінде қылмыстық істерді тергеуді ұзаққа созуға ықпал етіп, іс бойынша өтетін тұлғалардың зардап шегуіне айтарлықтай әсер етеді. Сонау 2013 жылдың өзінде елдің Бас уәзірі ІІМ, Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика, Қаржы, Әділет министрліктері мен Бас прокуратура, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар сынды құзырлы билік сатыларына өңірлердегі азаматтар мен сарапшылар адам төзбестей моральдық және қызметтік қиындықтарға тап болатын, этикалық тұрғыдан да, қызметтік мәртебе бойынша да талапқа сай келмейтін мәйітханалардағы жағдайды тәртіпке келтіріп, оларды ұстап тұру бойынша талаптарды күшейтіп, нығайтуға қатысты арнайы тапсырма берген болатын.  Мәселен, Астанада халық саны бес есе өссе де, мәйітханалар әлі күнге дамуы артта қалған облыс өңірлері деңгейінде қалып отыр, Алматыдағы жағдай да бұдан артып кете қойған жоқ. Қаржы министрлігі заманауи мәйітхана құрылысын салуға қаржы бөлмесе, ведомстволар мен әкімдіктер бір-біріне сілтеп, соның салдарынан бас уәзір тапсырмасы күні бүгінге дейін орындалмай келеді.

Құқық қорғау мен сот органдары бірқатар сот-сараптамалық тексерулер өткізу кезінде үлкен қиындықтарға тап болады. Елбасының биылғы жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жемқорлықпен ымырасыз күресті әрі қарай жалғастыра беру талап етілген. Бірақ, зерттеу жұмыстары көрсеткендей, өңірлердегі жемқорлықпен байланысты қылмыстық істерді тексеру деректеріне оларда бейнелеу-фотографиялық, психо-филологиялық және құрылыс-экономикалық сараптамалар жүргізетін соттық сарапшылардың жетіспеушілігі кері әсер ететіндігін көрсетіп отыр. Мұндай мәселелер Астана мен Алматы қалаларынан басқа бірқатар облыстарда да орын алған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы өңірлік сот сараптама мекемесі орындалған құрылыстық жұмыстардың бағасы мен көлемі, материалдардың сапасына сараптама жасауға сараптамалық тәжірибесі мен зерттеу әдістемесінің  жоқтығы мен оған қажетті тиісті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі салдарынан сараптама өткізуден бас тартуға мәжбүр.

Соған қарағанда, Әділет министрлігіне өзін жақсы қырынан көрсете білген әскери тәсілді қолданып: «қолыңнан келмесе — үйретеміз, жұмыс істегің келмесе, мәжбүрлейміз»,— деуге көшу керек сияқты. Іске осындай немқұрадылықпен қарау салдарынан құрылыс саласында бюджет қаржысын талан-таражға салған ұрлап-жырлау деректері бойынша соттар оларды қарай алмайды, өйткені, оларда мұндай сараптама жоқ. Мұндай жағдайда, құрылыс саласындағы жемқорлыққа қалай тосқауыл қоюға болады? Сот сараптамалық институттардың құрылыстық нормалар мен жобалау-сметалық құжаттарды пайдаланудың дұрыс-бұрыстығына қатысты мәселе бойынша неге сараптама жүргізбейтіндігі түсініксіз. Сол себепті, Үкіметтің тиісті Қаулыларына өзгертулер енгізіп, сол бойынша нысандардың бағасының қымбаттауына қатысты келісімге келіп, сараптама жүргізудің әдістемесі туралы, жобалық құжаттардың мемлекеттік сараптама жұмыстарын өткізу сапасының негізділігі жөнінде сараптама өткізу әдістемесін жасау қажет. Менің білуімше, бізде соттық, дінтану және молекулярлық-генетикалық, соттық-портреттік, сараптамалық электротехникалық, соттық-бухгалтерлік, транспорттық-тарссологиялық, ихтинологиялық, сондай-ақ, т.б. деректер бойынша да облыстарда бірқатар өзекті мәселелер бар. Құқық қорғау органдары базбірде сарапшыларға олардың мәртебесіне сай келмейтін жұмыстарды жүктейтіні де жасырын емес. Нәтижелерді жазылған үнтаспамен, жазылған әңгіменің мәтіндерімен, құжаттардың аудармаларымен бірге бермейді. Көп жағдайда тергеушілер сарапшылардың алдына қаптаған сараптамаларды өткізу бойынша негізсіз талаптар қойып, жауапкершілікті солардың мойнына артуға, сөйтіп, қылмыстық істі тексеруді ұзаққа созуға ықпал етеді.

Тіпті Әділет министрлігінде бөлінген қаражат пайдаланылып қойғандықтан, сараптама мүлде өткізілмейтін жағдайлар да кездеседі. Алдағы уақытта осы аттары аталған кемшіліктерді жойып, бәрін өз орнына қоймасақ, тергеу изоляторында, басқа да бас бостандығына шектеу қойылған орындарда отырған азаматтар санын азайта алмаймыз. Оны азайту, біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз»,— деп мәлімдеді. Билікте бірқатар жұмыстың басын қайырған тәжірибелі Божконың да бір білгені бар шығар. Ендеше, билік те вице-министр пікіріне құлақ асар деген ойдамыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз