tengrinews.kz сайтынан

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Елбасының Жолдауы аясында мұғалімдер жалақысының қалай өсетінін түсіндіріп берген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша:

«Мұғалімдер жалақысының өсуі жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты. Бізде «Білім беру мен ғылымды дамытудың 2019 жылға арналған» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген арнайы кесте бар. Осының негізінде олардың жалақысы жоспар бойынша өседі. Қазіргі таңда елімізде 300 400 ұстаз бар. Олардың 67 пайызының жалақысы осы жылы көбейеді. Ал қалған мұғалімдердің жалақысының көтерілуі жоспар бойынша жүргізіледі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1, 2, 5, 7-сынып мұғалімдерінің қызметтік жалақысы көбейеді. Ал 2018 жылдың қыркүйегінен 3, 6, 8-сынып ұстаздарының жалақысы артады. Сондай-ақ, 2019 жылы 4, 9, 10-сынып ұстаздарының, 2020 жылдан бастап 11-сынып мұғалімдерінің жалақысы көбейеді. Елбасы Жолдауында айтылғандай, ұстаздардың қызметтік жалақысының үстіне 30 пайыз қосылады. Мысалы, 15 жылдық еңбек өтілі бар, бірінші санаттағы ұстаздың жалақысы қала деңгейінде 24 мың теңге, ал бірінші санаттағы мұғалім ауылда 15 жыл еңбек етсе, оның жалақысы 25 880 теңгеге артады. Бірақ бұл барлық жүктемені қосқанда. Егер ол өзінің біліктілігін дәлелдесе. Сосын мұғалімдер жалақысының көбеюі тікелей біліктілігінің расталуымен байланысты. Ал мұғалімдердің біліктілік деңгейі ұлттық бірыңғай тест арқылы анықталады. Екіншіден, ұстаздардың жалақысына үстеме ақы қосылады. Онда мұғалімдердің біліктілік деңгейі ескеріледі. Категориялар ұлттық біліктілік тест арқылы анықталады. Осы біліктілік деңгейінің расталуына байланысты мұғалімдердің жалақысына 20-дан 50 пайызға дейін үстеме ақы қосылады».

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз