ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов: «Ауғанстанда содырлардың Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне шабуылы салдарынан 1978 жылы туған қазақстандық бір азамат қайтыс болды. Жақын күндері мерт болған азаматтың денесін елге жеткізуді ұйымдастыру бойынша мәселелер шешілетін болады»,— деп мәлімдеді. БЕЛТА-ның жазуынша, қаруланған содырлар негізгі есіктен кіріп, ішке енген. Бұл уақытта ғимаратта үйлену тойы  иә конференция өтіп жатқан. Олар іс-шараға қатысушыларға қарсы оқ атқан. Содырлардың арасында жанкешті-лаңкестер де болған. Оқиғаға куә болғандар үш жарылыс жасалғанын,  одан қаза болғаны бар, жараланғаны бар, жалпы 35 адам зардап шеккенін айтады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз