Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) Қысқы олимпиада ойындарынан жүлдемен оралаған спортшыға қанша сыйақы берілетінін айтқан Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов: «Олимпиада ойындарында жүлде алған спортшыларға берілетін сыйақы көлемі өзгерген жоқ. Бұрынғыдай жеңімпаз атанған спортшы мен жаттықтырушысына 250 мың АҚШ доллары, екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллар беріледі. Алтыншы орынға дейін сыйақы қарастырылған. Осыған дейін арнайы тағайындалған сыйақы мөлшері бойынша Олимпиадада 4-орын алған спортшы – 30 мың, 5-орын – 10 мың, 6-орын алса 5 мың АҚШ долларын алады»,— деген мәліметпен бөлісті. Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Төрткүл дүние асыға күткен доданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз