Мәжiлiс депутаты Сергей Симонов: «Қазiргi даму кезеңiнде Қазақстанның сақтандыру саласының алдында жаңа мақсаттар мен мiндеттер тұр. Бүгiнгi күнi ұлттық сақтандыру индустриясы дұрыс дамымаған. Елiмiздiң сақтандыру қызметiнде үлкен проблемалардың бар екенiне клиенттердiң шағымдары дәлел. Олар сапасыз қызмет пен сақтандыру компанияларының шығындарды өтеуден бас тартуына наразы. Көптеген жағдайда сақтандырушылар сақтандыруға формальдылық деп қана қарайды. Ондай факторларға:

сақтандыру өнiмдерiн алуға экономикалық ынтаның жоқтығын, сақтандыру компаниялары ұсынылатын қызметтердің шектеулі екендігін, халық пен заңды тұлғалар тарапынан сақтандыруға деген сенiмнің жоқтығын, қолжетiмдi әрi сапалы сервистің те мақұрым дығын жатқызуға болады. Осы проблемаларды шешу үшiн Үкiмет «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру және сақтандыру қызметi мәселерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын әзiрледi.

Заң жобасының басты мақсаты — тұтынушылардың сақтандыру қызметiн көрсететiндерге деген сенiмiн арттыру. Сондықтан, заң жобасы онлайн сақтандыру механизмiн енгiзу тұтынушылардың, шетелге шығатын туристiң тәуекелдерiн сақтандыру жүйесiн қайта қарауды ұсынады. Онымен қоса, сақтандыру агенттерi жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мен сақтандыру омбудсменi қызметi саласын кеңейтудi ұсынады»,— дедi. Бұл мәселелер Мәжiлiс үйiнде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру және сақтандыру қызметi мәселерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң бойынша өткен дөңгелек үстелде айтылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.