ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің  кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнде аталған ведомствоның төрағасы Алик Шпекбаев: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысында басты назар жүйелі сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың анықталып, жолын кесуге бағытталды. 2017 жылы осындай 108 дерек тіркеліп, қылмыстық жауапкершілікке 320 адам тартылды. Барлығы 1 853 жемқорлық заң бұзушылықтар тіркелді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18 пайыз кем.

Олардың дені парақорлық – 40 пайыз, жымқыру деректері – 33 пайыз және лауазымды уәкілеттіктерін теріс пайдалану – 11 пайыз. Анықталған жемқорлық қылмыстардың көпшілігін – әкімдіктер, ішкі істер органдары мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жасаған. Жемқорлық білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау сияқты тәуекелдері жоғары салаларда жиі кездеседі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардан келтірілген жалпы шығын — 15,8 млрд теңге, олардың 14 млрд теңгесі немесе 88 пайызы мемлекетке қайтарылды.

Түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 400-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмыс ашылып, 5,3 млрд теңге көлемінде шығын келтірілді, олардың 87 пайызы, яғни 4,6 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды»,— деп есеп берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз