Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында болып, сонда өткен отырыс барысында атқарған жұмысы үшін Мұхтар Құл-Мұхаммедке алғыс айтып, жиналғандарға партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды.
Ал «Нұр Отан» партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаттығына тағайындалды.
Халықаралық «Қазақстан Заманы» газеті мен “ЕлАна” әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты, «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы Мәулен Әшімбаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймыз!