Жұмыссыздарға берiлетiн әлеуметтiк төлем артуы мүмкiн

0
3006

ОКҚ брифингi барысында «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ президентi Сәуле Дүйсенова: «Бүгiнгi таңда жұмыссыз қалған адам әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болған жағдайда, әлеуметтiк төлем алуға құқылы.  Табыстың орнын басу пайызы — орташа айлық табыстың 30 пайызы. Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарына сәйкес, табыстың орнын басу пайызы 40 пайыз болуы керек. Бүгiнгi таңда Елбасы жолдауы аясында осы процестi зерттеп жатырмыз. Параметрлiк мәлiметтердi өзгерту бойынша, оның iшiнде жұмыссыз қалғандарға төленетiн әлеуметтiк төлемдер бойынша өз ұсыныстарымызды «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» заңға енгiземiз»,— деп, әлеуметтік төлем көлемі жайлы түсінік берді.

Еске салсақ, өткен жылы қазақстандықтарға жұмыссыз қалуына байланысты 2,1 млрд теңге төленген болатын, яғни, былтыр 772 мың адам Мемлекеттiк қордан 156,5 млрд теңге сомасында төлем алған-ды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.