Үкiмет отырысында Елiмiзде бензин тапшылығы қашан болатынына болжам жасап, халықты көмiрмен қамту мәселесiне де тоқталған ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев: «Жүргiзілген талдау нәтижесiне сәйкес, болжанатын тұтынушылық өсiмдi есепке алғанда автобензин тапшылығы 2021-2023 жылдары, дизельдiк отын тапшылығы 2023 жылы, ал әуе керосин тапшылығы 2026 жылдан кейiн пайда болуы мүмкiн. Осыған орай, келесi кезеңде жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы, қаржыландыру нұсқалары, мерзiмдерi, потенциалдық инвесторлармен келiссөздер жүргiзу жөнiнде жаңа жұмыс тобы құрылады. 2018 жылдан бастап 12,7 млн тонна көмiр шығарылды. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзiмдегi көрсеткiштiң 97 пайызы. 2018 жылдың басынан берi көмiр барлайтын кәсiпорындар электр стансаларына 7,3 млн тонна көмiр жөнелттi.

Халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттiлiгiне 1,2 млн тонна көмiр, ал өнеркәсiп кәсiпорындарына 952 мың тонна көмiр жiбердi. 3 млн тоннаға жуық көмiр экспортталды. Көмiр шығарудан 3 пайызға артта қалу бiрiнше кезекте төмен температуралармен және орта, шағын көмiр разрездерiндегi гидравлика жұмысымен байланысты.

Қазiргi таңда қарқын қалпына келтiрiлдi. Менiң ойымша, осы айдың ортасында бiз көмiр шығару мүмкiндiгiн 100 пайыздан астамға дәлелдеймiз»,— дедi. Министрдiң айтуынша, жергiлiктi атқарушы органдар тәулiк бойы көмiр бойынша жағдайға мониторинг жасап, Энергетика министрлiгiне ақпарат берiп отыруы тиiс. Осы ақпарат негiзiнде ведомство премьер-министрге есеп берiп отырмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз