М.Әшімбаев Қытай елшісімен жүздесті

0
2462

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесті.

Кездесуде тараптар партияаралық ынтымақтастықты талқылады. Бұл жүздесу  Қытай елінің Жаңа жылымен тұспа-тұс келді.

Кездесу барысында қытайлық әріптестеріне үш бағытта ұсыныс айтқан Мәулен Әшімбаев: «Аталған достық қарым-қатынас екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін аша түседі. Біздің «Нұр Отан» партиясы өзара іс-әрекетті жандандыруға әрдайым ашық.  Менің ұсынысымның ішінде партиялық басшылық, партияның Орталық аппараты және өңірлік құрылым бағытында әріптестік байланысты дамыту мәселелері бар.

Екі елдің жетекші саяси партия өкілдері біріккен жобаларды жүзеге асырып, тәжірибе алмасып, партиялық білімнің сапасын арттыра алады. Өзара іс-әрекетті әлі де күшейте береміз. Мүмкін, алдағы кезеңде бұрынғыдан да белсендірек жұмыс істейтін боламыз. Бізде Қытай коммунистік партиясымен қарым-қатынасты нығайтуға байланысты өте көп жоспарлар бар. Сондықтан биылғы, келесі, одан арғы жылдары да тығыз іскерлік қатынаста боламыз деп ойлаймын»,— деді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.