Дос Көшім: Заңымыз Қытайдың иероглифтері сияқты

0
2698

Бас-аяғы толық емес жер заңына баға бере алмайтынын айтқан белгілі саясаттанушы Дос Көшім: «Мораторий не үшін жарияланды?

Мораторий заңды өзгертуге, қабылдауға жарияланған жоқ, заңды қолдануға жарияланды. Сонда біз бес жылдың ішінде нені күтіп отырмыз? Бізге не бөгет болып отыр? Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мүмкіндік берілді екен, неге біз сонда мораторий жариялаған баптардың бәрін өзгертпейміз? 5 жыл бойы құр отырып, бес жыл біткеннен кейін өзгертеміз дейміз бе?! Менің ойымша, бұл сұрақ  — ең маңызды мәселе.

Егер заңды өзгерту туралы мәселе туындап отырса, неге бес жыл бойы күтуіміз керек? Осы мәселе мен үшін түсініксіз. Үшінші мәселе заңдарға қатысты. Біздің заңымыз Қытайдың иероглифтері сияқты. Заңымызды түсіндіру үшін тағы бес институт, 500 заңгер керек. Кез келген заңды қарап шықсаңыз, «егер Қазақстанның басқа заңдарында көзделмесе» деген сыңайда жазылған сөйлемдерді кезіктіруге болады. Сонда біз оның көзделген-көзделмегенін білу үшін үш жүз заңды қарап шығуымыз керек пе? Заң нақты болуы керек. АҚШ Конституциясын қарап көріңіздерші. Әрбір мәселе нақты. Кез келген шопыр, кез келген шопан заңды оқып, дұрыс-бұрыс дей алады. Ал біздің заңымыз — шимай-шатпақ бір бәле. Мүмкін, кеңес өкіметінен қалған дүние шығар, кім білсін. Біз енді мұны өзгертейік. Екі-ақ нәрсе ғой жазылатын: жер ешкімге сатылмайды. Ауыл шаруашылық жері дегенді қосып қойыңдар. Екіншісі, жер шетелдік компанияларға берілмейді. Болды осымен, сосын осы екі норманы халыққа көрсетіңдер. Заң толық болу керек, толық баға берілу керек. Жаңағы халықтың көтеріліп, көшеге шыққан екі негізгі мәселесі шешілмей тұрған уақытта бұл заңға мен баға бере алмаймын.

Барлық денесі бар, басы жоқ, жүрегі мен жаны жоқ. Жайылымдық жер, шекара аймақтарындағы мәселе, жерді бөлу кезіндегі оның ашықтығы мен жариялығы – мұның бәрі кірген, тамаша. Жүз пайыз қолдау мүмкін емес. Заң әркімге бірдей тең келмейді. Бірақ егер заң толық болмаса, бұл айқай, сенімсіздік әлі күнге дейін қалады. Бір ғана үмітім бар, Құдайға шүкір, Қазақстанда көше бар, 70 пайыздай қазақ бар», — деді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.