Атырауда 27 қалалық мектепке спорт алаңдары салынады.

Бұл туралы қала әкімі Серік Шапкенов облыс орталығының өткен жылдағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы туралы есебінде мәлімдеді, -деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа алаңдар барлық қажеттіліктер мен талаптарға сай жабдықталып, жасақталады. Олардың әрқайсысында жүгіру жолы, кіші және үлкен футбол, баскетбол және волейбол алаңдары болады. Сонымен қатар, ол жерде гимнастика, спорттық ойындар алаңдары мен қашықтыққа секіруге арналған арнаулы орын жасалады.

                                                                                                               С.Муньянова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз