LS сайты: «2017 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы — 77,6 млрд долларды құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 25% жоғары. Бір жыл ішінде елдің экспорты 48,3 млрд долларды құрап, көрсеткіш 31,6% өсті, ал импорт — 15,5% өсіп, 29,3 млрд доллар болды.

ЕАО елдерімен өзара сауда 25,9%-ға өсіп, 17,3 млрд долларды құрады. Сонымен қатар, Қазақстан одақ елдеріне — 5,1 млрд теңгеге (өсім – 30,2%) тауар сатып, 12,2 млрд АҚШ долларына (өсім – 24,1%) тауар сатып алғанын атап өту керек. Өткен жылы Ресейге 4,5 млрд АҚШ доллардың тауарын экпортталды (31,1% өсім), ал импортталған тауар — 11,4 млрд (өсім – 23,5% ) доллар болды.

Белоруссияға сатылған өнім — 95,5 млн доллар (өсім – 2 есе), ал сатып алынған өнім — 508,6 млн долларды (өсім – 50%) құрады. Қырғызстанға экспортталған тауар — 503,2 млн АҚШ доллар (өсім 15,1%), елден импортталған тауар — 255,2 млн доллар (өсім 10,3%). Сондай-ақ, Арменияға сатылған тауарлар 4,4 млн доллар (7,9 есе өсім) және сатып алынған тауарлар құны 4,6 млн доллар (өсім 4,1 пайыз) болды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз