Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі: «Күштік құрылымдар бірер күн бұрын Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында арнайы операция жүргізді. Соның нәтижесінде елдің оңтүстік өңірінде құрықталған қылмыстық топ мүшелерінің саны 35 адамға жетті. Олардың дені құқық қорғау саласының өкілдері. Ұсталғандардың арасында Қырғызстан жоғарғы кеңесінің депутаты да бар»,— деп хабарлайды.

Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері де ресми мәлімдеме жасады. Алматы қалалық соты баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Бауыржан Ахметов: «Қылмыстық топ өкілдерінің 33-і сот санкциясымен тергеу изоляторына қамалды. Барлық ұсталғандарға қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алу шешімі шыққан. Оның 3-і қырғыз елінің азаматтары. Соның біреуі — жоғарғы кеңестің депутаты. Қалғандары біздікі, жұмыстағысы да бар, жұмыссызы да бар. 234 бап, 3 бөлігі, 2-ші тармақша және 264 бап, 2 бөлігі, 3 бап қана қырғыздарға қатысты, ал біздікілердікі көп, әр түрлі статья бар.

Сот санкциясы негізінде 76 тінту жүргізілді. Түрлі валютада сақталған, ірі мөлшердегі ақша, зергерлік бұйымдар, құқық беретін және бухгалтерлік құжаттар, кедендік декларациялар тәркіленді. Ұсталғандардың барлығына қылмыстық іс бойынша айып тағылды»,— дейді. Ал ОҚО Әл-фараби аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аймақта 13 адам сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынған. Олардың көбі кеден бекетінде басшылық қызметте болғандар.   ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова:

«Қазақстанға контрабандалық тауар Қытайдан тікелей, сондай-ақ Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілендірудің көлеңкелі сызбасын жалған құжаттарды және төмендетілген мөлшер қолдана отырып әкелінген. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен Ресей Федерациясына жолданып отырған. Аталған деректер бойынша экономикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйыммен трансұлттық топ құру және оларға басшылық ету, оларға қатысу мен парақорлық бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 8 бірдей ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Аталмыш қылмыстық іс Бас прокурордың жіті назарында болмақ»,— деп хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз