Мемлекет басшысы 2017 жылдың 11 қазанында елдегі жанар-жағармай материалдары тапшылығы жағдайына байланысты ҚР Энрергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын.

Бір күн бұрын Қазақстан Министрлер кабинетінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрлігі басшысының орынбасары Әсет Мағауовты жұмыстан шығарып, сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасына сөгіс түрінде тәртіптік жаза тағайындауды және оның орынбасары Данияр Берлібаевтың өкілеттігін тоқтатуды тапсырған.

Мемлекет басшысы елдегі жанармай жетіспеушілігі Қазақстан үкіметі мен Энергетика министрлігінің жанар-жағармай материалдары нарығын қамтамасыз етуге қатысты шараларды уақытылы қолға алмауының нәтижесі екенін атап өтіп, елдегі жанар-жағармай материалдары тапшылығы жағдайы үкімет пен энергетика министрлігі «салғырттық пен жауапсыздыққа» жол бергенін көрсетеді деген-ді.

Енді, міне, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың күзінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жариялаған сөгісті алып тастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз