2018 және 2021 жылдары шетелдік серіктестер Қарағандыда екі бірдей зауыттың құрылысын бастамақ. Жобалардың жалпы құны 21 миллиард теңгені құрайды. 2018 жылдың аяғында Қытай елінің «Forever Fourshing Co.Ltd.» ЖШС компаниясы Қарағандыда металл қорыту зауытының құрылысын бастамақ. Инвестиция көлемі 7,4 миллиард теңгені құрайды.

Зауыт жылына үш жүз мың тонна көлемінде өнім шығарады деп жоспарланған, оның сексен пайызы өзге елдерге экспортталмақ. Зауыт өнімі Ресей, Иран елдерімен қатар, Қытай Халық Республикасына жіберіледі. Кабельдік өнім шығаратын екінші зауыт 2021 жылы жұмысын бастап, 2024 жылы жобалық қуаттылығына толықтай өтеді деп жоспарлануда. Зауыт кабельдің әртүрлі түрлерін өндіріп, сатылымға шығарады. «Хуа тун (Центральная Азия) кабель» ЖШС инвесторлары Қарағандыдағы зауыттың құрылысына 13,6 миллиард теңге қаржы жұмсайды деп межеленген.

Сондай-ақ, Швейцариялық «Гленкор Интернешнл» компаниясы Жәйрем қаласында заманауи байыту фабрикасының құрылысын бастады. Оның жалпы құны 100 миллиард теңге. Бельгиялық корпорациямен бірлесе отырып «Кармеус Груп» компаниясы Осакаров ауданында әктас өндіретін зауыт салуды жоспарлауда. Қазіргі уақытта зауыт құрылысының жобасы жасалып жатыр. Жалпы алғанда аймақ шетелдік инвесторлармен бірге 20 белсенді жобаны іске асырады, олардың құны шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Қызылордада әйнек зауыты осы жылдың соңына дейін салынбақшы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.