Үкімет отырысында 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарлама жобасын ұсынып, елге қайтқан содырларды профилактикалық бейімдеу жұмыстары жүргізілетінін айтқан ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков: «Бағдарламаны қабылдаудың өзектілігі заманауи қауіп-қатерлерге байланысты болып отыр. Әлемдегі ахуал ұдайы өзгерістерге ұшырауда. Сирия мен Иракта жеңіліс тапқан халықаралық террористік ұйымдар жеңіліс тапқан соң содырлар отбасыларымен бірге басқа жерлерге, соның ішінде өз елдеріне қоныс аударып жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанға 125 азамат қайта оралып, олардың 57-сі сотталды. Қалғандары бақылауда. Бұл жерде назарға алатынымыз —қайтып келгендердің радикалдық көзқарас ұстанып отырғандығы. Олармен профилактикалық бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Экстремизммен терроризмді насихаттау қарқыны қазақстандық қоғамның радикалдануына себепші болатындай жоғары деңгейде сақталуда. Сондықтан осы және басқа да факторлар терроризм мен діни экстремизмге қарсы жалпы мемлекеттік күрес жүйесін одан әрі дамыту қажеттігін көрсетіп отыр», — деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.