«Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин: «Жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күрес шараларының жоспарын сапасыз жүргізеді. Жер үйдің аумағындағы қардың уақытылы тазаланбауы және арық жүйесіндегі қардың жиналып қалуы су тасқынының қаупін жоғарылатады.

Кейбір елді мекендерде арық жүйесі атымен жоқ. Мысалы, Алматы, Жамбыл облысы мен кейбір өңірдегі елді мекендерде арық жүйесінің болмауы салдарынан жер үйлер мен оның аумағы су астында қалып жатыр», — деп мәлімдеді. Шынында да, мұндай табиғи апаттар жыл сайын қайталанатынын ескерсек, жергілікті атқарушы биліктің неге сеніңп бейқамдық танытатынын таңданбасқа болмайтындай. Шенділердің әрекеті: «Ауыз тамақ ішкенде, к… т… керек», деуге келіп саятындай.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.