БҰҰ моделін дамыту мәселелері кімге керек?

0
3152

Елбасы кітапханасында Орталық Азия БҰҰ моделінің «ХХІ ғасырдағы жаппай қырып-жою қаруын таратпау: Иранның ядролық бағдарламасы және Таяу Шығыстағы бейбіт өмір» тақырыбындағы сессиясы ашылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі — студенттер мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өтетін ғылыми конференция мен рөлдік ойындардың жиынтығы. Оның барысында жастар БҰҰ-ның ресми тілдерінде аталмыш ұйым органдарының жұмысын жаңғыртып, дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік және тілдік машықтарды дамытуға, ымыраға келуге үйренеді.


Іс-шараны ашу барысында Ә.Рахымжанов Орталық Азия БҰҰ моделінің жобасын Елбасы кітапханасы мен «ЕХРО еріктілері: e-generation» қоғамдық бірлестігі 2017 жылы ұсынғанын атап өтті. Бұл кезеңде Қазақстанның БҰҰ құрамына кіргеніне 25 жыл толып, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылғы тұрақты емес мүшесі ретінде сайланды.
Былтырдың өзінде Елбасы кітапханасында «БҰҰ моделі» бойынша 4 конференция өткізіліпті. Олардың барлығы дүниежүзілік өзекті мәселелерге бағытталып, жетекші жоғарғы оқу орындарының 200-ден астам студентін қамтыған.
Әмірхан Мұратбекұлының сөзінше, болашақта тұрақты жұмыс істейтін халықаралық алаңның, яғни Астанадағы жастар саясатының еуразиялық хабын құру мақсаты көзделіп отыр.
Иран Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаб Дамирчилу мәселелерді шешу ісінде келіссөздер ережелерін сақтаудың кез келген мемлекет пен қоғам өміріндегі маңыздылығын белгілеп, күрделі халықаралық мәселелер барысында саяси-дипломатиялық жол таңдаудың ең дұрыс шешім екенін атап өтті.
— Біз Иран ядролық бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздерге, сондай-ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосып жатқан мемлекеттеріңіздің үлесін бағалаймыз, — деді ол.
«Жаңа «Жібек жолы» БҰҰ моделі» бағдарламасының атқарушы директоры, Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов Біріккен Ұлттар Ұйымының жастармен жұмысы жөнінде сөз қозғап, жаһандық қозғалыс — БҰҰ моделі, «Жаңа «Жібек жолы» БҰҰ моделінің» Қазақстан мен аймақтағы жұмысы жөнінде баяндама оқыды.
Ғалым Елбасы кітапханасымен бұрыннан таныс екенін алға тартып, мекеменің жастармен жұмыс істеуге, сондай-ақ кейінгі буынды елдің қоғамдық-саяси өміріне тартуға, мемлекеттің болашағы мен даму стратегиясын талқылауына көңіл бөлетінін белгіледі.

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.