Қыздардың ішкі сыры Аллаға аян,
Ешкімге сырын жауһар етпес баян.
Сізге мен айтайын құрдастарым,
Алдыңда хал-ахуалым болсын аян.

Менің де көргеннен-ақ көңілім кеткен,
Бұл сауда мені дағы әуре еткен.
Өзім де ойлап қара, қайранмын мен,
Іс бар ма бұлай болған құдіреттен?

Қайтейін жалған дүние опасы жоқ,
Пендеге күнде түрлі жапасы көп.
Міндетін мойнымдағы атқармасам,
Ана сүтін қалай мен ақтар едім?

Көңіліме естен кетпес салдың уайым,
Бар еді не жазығым, бір құдайым.
Я, рахман, бір рақметің түсер ме деп,
Алламды тастамадым тілімнен мен.

Өзім ойлап кір таппадым пиғылымнан,
Қайғының құтқармадың құрығынан.
Орнаған тамырланып қасіретті,
Құдай-ай, алшы тартып көңілімнен!

Ғұмырлық зор қайғыдан құтқар Алла,
Қара түн келешекте басқа салма.
Болмаса өзің айтқан адал жолмен,
Халқыма тисе екен шарапатым?!

Шарапат Қияш

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз