Қордайда гемодиализ қызметін көрсететін орталық ашылды

Қордайда гемодиализ қызметін көрсететін орталық ашылды
Өткен жұмада аудан орталығында тұрғындарға гемодиализ қызметін көрсететін орталық ашылды.
Жаңа медициналық нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Манат Сейдуманов, облыстың бас нефрологы Аягөз Баймұратова қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарға гемодиализдік қызмет көрсететін орталық аудандық аурухананың тарлау ғимаратында орналасқан еді. Енді азаматтарға жаңа әрі кең ғимаратта сапалы медициналық қызмет қолжетімді болмақ.
Нысанның салтанатты ашылу рәсімінен кейін «BB Diacare Kazakhstan» ЖШС бас директоры Лариса Сапрыкина қонақтарға ғимаратты аралатып, емделушілерге қандай қызмет көрсетілетінін айтып берді.
Сондай-ақ, бүйрек жеткіліксіздігінен гемадиализдік ем алып жүрген науқастардың осы медициналық көмектің қолжетімділігін ақысыз арттыру, сапалы қызмет көрсету, бүйректі алмастыру терапиясын дамыту мақсатында, мемлекеттік–жекешелік әріптестік жобасы аясында «BB Diacare Kazakhstan» ЖШС Меркі, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарында және Шу, Қаратау, Тараз қалаларында медициналық орталықтардың ашылғанын тілге тиек етті.
Орталықтың меңгерушісі Шахрет Хуровтың айтуынша, мұнда қазір 50 қордайлық тұрғын есепте тұрады. Оларды кесте бойынша арнайы көлік алып келіп, апарып тастайды. Орталықта 2 дәрігер, 5 медбике және 3 санитар қызмет етеді. Бір күнде (2 ауысым 4 сағаттан) 20 емделуші қабылданады. Олар үшін барынша жағдай жасалған.
Диализ залы толықтай германиялық «BBraun» компаниясының медициналық қондырғыларымен жабдықталған. Ол бесінші сатыдағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды қабылдауға мүмкіндік береді.
Облыстың бас нефрологы Аягөз Баймұратованың нақтылауынша, бүгінгі таңда облыс бойынша 344 бүйрек жетіспеушілігі ауруына шалдыққан азамат бар. Оларға донор табу қиын болғандықтан көбі осы диализ аппаратына жүгінеді. Ол қан құрамындағы әртүрлі улы заттардың теңгерімін түзете отырып, бүйректің жұмысын реттейді.
@korday_mayak
Қордай ауданы
28.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 838
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6913
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10752
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6981
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7123