Сарысу ауданында балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылды

Сарысу ауданында балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылды

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңына және ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» №1032 Қаулысына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-3 жәек 3-6 жас аралығындағы балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етіліп келеді.

Әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз ету мәселесі Сарысу ауданда да оң шешімін тапқан. Уәкілетті орган тарапынан аталған жастағы балалардың тізімі жасақталып мердігерге ұсынылуда (алушылардың тізімі ай сайын өзгертіліп отырады).

2022 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіш бойынша  1-3 жас аралығында - 191, 3-6 жас аралығында - 165, барлығы 356 баланың тізімі жасалып, мердігер кәсіпкер тарапынан тиісті пакеттермен қамтылды. Тауарды ұсынушы ретінде 2 аудан кәсіпкері қызмет көрсетуде.

Ұсынылған тауар түрлері:

1) 1 – 3 жас аралығындағы балалар үшін бір пакеттегі тауардың құны 4 615 теңге, оның ішінде балалар печеньесі 180 гр, гипоаллергенді балалар ботқасы 320 гр, жүгері жармасы 400 гр, ультрапастерленген сүті 2 л, гипоаллергенді жеміс пен көкөніс пюресі 1200 гр, сұлы (овсянды) үлпектері-800 гр төмен емес.

2) 3 – 6 жас аралығындағы балалар үшін бір пакеттегі тауардың құны 5 763 теңгені құрайды: классикалық гематоген 240 гр, ұсақталған бұршақ 800 гр, балалар печеньесі 400 гр, қарақұмыс немесе күріш жармасы 1,6 кг, інжу арпа  (перловка) 800 гр, макарон өнімі 800 гр, ұнтақ жармасы 700 гр, күнбағыс майы 0,8 л,  табиғи бал 200 гр, пастерленген сүт 2 л, сүтті тұтас дәндер қосылған таңғы ас 250 гр,  сұлы (овсянды) үлпектері-800 граммнан төмен емес.

 

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
18.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕРГЕНІ ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 22
«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.04.2024 29
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 26
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 17
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.04.2024 20

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 955
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7009
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10853
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7075
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7215