ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ
🔹Аударыспақтан Татарстанның Қазан қаласында өткен Әлем чемпионатында жамбылдық қос мықты қоржынға жүлде салды. Байрақты бәсекеде бабы келісіп, бағы жанған оғландарды кеше жерлестері күтіп алып, құрмет көрсетті.
Жаһандық бәсекеде 100 келіден жоғары салмақта Жамбыл ауданының тумасы Данияр Смаилов қарсылас шақ келтірмей Әлем чемпионы атанып, жанкүйерлерін серпілтіп тастады. Дуы басым додада 70 келі салмақта өнер көрсеткен Дәулет Ережепбаев қола жүлдені қанжығалады.
Белді спортшылар бұған дейін облыс, ел чемпионаттарында талай мәрте мерейімізді үстем еткен-ді. Ал соңғы рет Тараз қаласында өткен ел біріншілігінде топ жарып аударыспақтан ұлттық құраманың сапына қосылды. Сәйкесінше, тәжірибелі спортшылар жанкүйерлер сенімін ақтап, құрметке кенеліп отыр.
Негізі әлем чемпионатында 6 елден келген кіл мықтылар сегіз салмақ бойынша жүлделерді сарапқа салған. Жалпы есепте ел спортшылары төрт жүлде жеңіп алса, екі жүлдені ақтөбелік спортшылар еншілеген.
Жерлестеріне ерекше құрмет көрсеткен жамбылдықтар қос мықтаға ат мінгізіп, сый-сияпат көрсетті. Балуандарға ақсақалдар батасын берсе, аудан тұрғындары жеңімпаздарын мақтан тұтатынын айтуда.
Жамбылдық саңлақтардың бапкері Азат Жұмаділов те шәкірттеріне ризашылығын білдіріп, мақтауын асырды.
Жамбыл Инфо
28.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 359
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6465
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8173
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6544
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6680