Алакөлдегі жаңа серпін

Алакөлдегі жаңа серпін

Абай облысының әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Алакөлді дамытудың жаңа Бас жоспарының тұжырымдамасымен танысты. Бұл құжат – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп жатқан, өңірдегі туризмді жүйелі дамытуды көздейтін негізгі жоспарлардың бірі.

 Облыстық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсеновтің айтуынша, бүгінде Алакөл жағалауында 300 гектарға жуық жағажай аймағы бар. Жаңа жоспар бұл аумақты ұлғайтуды, жағалауды бекітіп, инфрақұрылымды кеңейтуді көздейді. Зерттеу жұмыстары барысында оң жағалаудың сазды топырақта орналасқаны анықталғандықтан, сол жағалауды ұзарту ұсынылуда.

Жаңа Бас жоспарды әзірлеу барысында Түркия мен Мысыр жағажайларындағы халықаралық тәжірибе үлгілері қолданылмақ. Су жағасынан кемінде 100 метр қашықтықта тек құм жабыны болу – басты талаптардың бірі. Облыс әкімі бұл жоспардың бірыңғай әрі нақты болуы тиіс екенін атап өтіп, тиісті басқармаларға нақты тапсырма берді.

Сонымен қатар, облыс әкіміне «Алакөл көлінің жағалауын бекіту» жобасы таныстырылды. Жоба аясында абаттандыру, серуендеу аймақтарын жасау және қауіпсіздік шараларын қамтитын инженерлік жұмыстар қолға алынбақ. Бұл жобаны «ТЕКА Проект» компаниясы әзірлеуде. Бұған дейін дәл осы ұйым Алакөлдің оңтүстік жағалауымен қатар, Жайық өзенінің жағалауын да бекіткен.

Жағалауда облыс әкімі шетелдік инвесторлармен бірге катермен жүріп, даму жобаларын талқылады. Қытайдың «Сан Бао», «Ванджан», «Juding Group» компаниялары конференциялық орталық, халықаралық мейманхана, эко-үйлер, су сарайы мен мәдениет және ғылымға арналған туристік нысандар салуға мүдделі екенін білдірді. Олар жақын арада көл жағасына 100 үй әкеліп орналастыруға дайын екенін де жеткізді.

Абай облысының әкімі тиісті басқармалар мен Мақаншы ауданының әкімдігіне жобаларды жергілікті компаниялармен бірлесіп, консорциум аясында жүзеге асыруға жағдай жасауды тапсырды.

Сәруар ҚАБДОЛЛА
04.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15113
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15017
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30153
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28770
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32340