Әлеуметтік саясаттың жаңа кезеңі: Қазақстанда зейнетақы өсіп, жалақы көбейді және отбасыларға қолдау күшейтілді

Әлеуметтік саясаттың жаңа кезеңі: Қазақстанда зейнетақы өсіп, жалақы көбейді және отбасыларға қолдау күшейтілді

Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың ауқымы кеңейіп, халықтың әл-ауқатын жүйелі түрде көтеруге бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың алғашқы он айының қорытындысы әлеуметтік төлемдер көлемі артып, еңбек нарығы тұрақталып келе жатқанын байқатады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғыртуға және тиімділігін арттыруға ерекше назар аударуда.

Премьер-министр Олжас Бектенов атап өткендей:

«Әлеуметтік міндеттемелер – мемлекеттің ең басты жауапкершілігі. Біз халықтың нақты табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға бағытталған шараларды күшейтеміз».

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елде 2,5 млн-нан астам зейнеткер бар. Зейнетақы биыл 8,5%-ға көтерілді, бұл инфляциядан 2% жоғары.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік төлемдердің инфляциядан жоғары деңгейде сақталатынын айтты.

«Зейнеткерлердің табысын нақты арттыру – әлеуметтік саясаттың басым бағыты. Біз төлемдерді инфляциядан жоғары деңгейде сақтаймыз», - деді министр.

Орташа жиынтық зейнетақы қазір 179 327 теңгені құрайды.

Жинақтаушы жүйеде халықтың 65%-ы қамтылған, активтер көлемі 24,6 трлн теңге.

2025 жылы балалы отбасыларға берілетін барлық жәрдемақылар 6,5%-ға өсірілді.

Биыл бұл мақсатқа 843,5 млрд теңге бөлінді – 2024 жылмен салыстырғанда +13,2%.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттағы саясаттың мәнін бірнеше рет атап көрсетті:

«Қазақстан қоғамы – отбасы құндылығынан бастау алады. Ана мен балаға қамқорлық – мемлекет саясатының өзегі», - деді Тоқаев.

Қолдау шараларымен 1,3 млн азамат қамтылды, оның ішінде:

көпбалалы отбасылар – 391,1 млрд теңге;

наградталған аналар – 58,7 млрд теңге;

мүгедектігі бар балаларды бағып-күтетіндер – 77,4 млрд теңге.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жайлы айтар болсақ, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 6,5%-ға өсті.

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтері 1 022,1 млрд теңгені құрады. 1,2 млн адам шамамен 714 млрд теңге сомасына төлемдер алды. 

 

Әлеуметтік қолдау жүйесі мен еңбек қауіпсіздігінің жаңа стандарты

2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асуда. Елдегі әлеуметтік нысандардың 56%-ы толық бейімделді. Қолдау 743,9 мың адамға көрсетілуде.

7 өңірде оңалту орталықтары өз жұмысын бастады.

2025 жылдың 1 қазанына қарай 274,4 мың адам атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алды.

Жаңа цифрлық бағалау әдісі шынымен мұқтаждарға қолдауды бағыттайды.

Еңбек нарығында жаңа жұмыс орындары және табыстың өсімі байқалып отыр. Елімізде орташа айлық жалақы 2025 жылғы ІІ тоқсанда 448 620 теңгеге жетті (+11,3% жылдық өсім).

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізілді. Республикада арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 588 ұйым бар, оның ішінде 93 189  адамды қамтитын үкіметтік емес ұйымдар – 145.  

Еліміздің 12 өңірінде мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік оңалту орталықтарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 7 қалада орталықтар (Шымкент, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Қостанай және Ақтөбе) жұмыс істейді. 

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жағынан 2025 жылдың 1 қазанына еліміздің кәсіпорындарында 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда адамдар 5,3%-ға аз зардап шекті.

Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы іске асырылуда. 

Ел бойынша 3 262 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау стандарттары енгізілді, 18 530 өндірістік кеңес өндірістік жарақаттардың алдын алу мақсатында құрылды. 

2025 жылғы 10 маусымда ҚР Үкімет отырысында кәсіпорындарда қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды. 

Жағдайды тұрақты мониторингтеу және еңбек құқықтарын бұзу тәуекелдеріне уақтылы ден қою мақсатында кәсіпорындардың цифрлық картасы, Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы жұмыс істейді, «Кәсіподақ АЖО» автоматты жұмыс орны және т.б. көзделген.

2025 жылы Еңбекмині «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясымен бірлесіп «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумын ұйымдастырды.

Іс-шара аясында ҚР Премьер-министрі Мемлекет басшысының атынан жұмысшы кәсіптерінің үздік өкілдеріне, оның ішінде Қазақстан экономикасын нығайтуға және дамытуға үлес қосқан еңбек ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Жалақы өсімі және жұмыспен қамту: еңбек нарығының тұрақты жаңаруы

2025 жылдың ІІ тоқсанында орташа атаулы айлық жалақы 

448 620 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3 %-ға жоғары.

2024 жылғы 1 қаңтардан бері ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 85 мың теңгеге дейін өсті, бұл 1,8 млн жалдамалы жұмыскердің табысына оң әсер етті. Сондай-ақ орташа жалақы мен еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін ескере отырып, ЕТЖ есептеудің жаңа әдістемесі бекітілді.

Еңбек нарығындағы жағдайға тоқталар болсақ,  2025 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9,3 млн адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 4,6 %.

2025 жылдың 1 қазанына жұмыссыздар қатарынан 616,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 278,7 мың жастар.

Оқыту түріндегі жұмыспен қамтудың қосымша шараларымен 

365 мыңнан астам адам қамтылды.  

Бизнес-идеяларды іске асыруға 9 мыңға жуық адам, оның ішінде мүгедек азаматтар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар өтеусіз мемлекеттік гранттар алды.

Олжас Бектенов Үкімет отырысында:

«Әрбір азамат еңбекке араласуға мүмкіндік алуы тиіс. Мемлекет жұмысқа орналасуға ғана емес, кәсіби дамуға да жағдай жасайды», - деп атап өтті.

2025 жылдың алғашқы он айы Қазақстанның әлеуметтік саясатты нығайту бағытында айтарлықтай нәтижелер бергенін көрсетті. Зейнетақылар мен жәрдемақылардың өсуі халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етсе, еңбек нарығындағы тұрақты белсенділік жаңа жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз етті. Ана мен балаға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін қолдаудың кеңеюі әлеуметтік әділеттілікті күшейтіп отыр.

Мемлекет әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғыртып, көмек көрсетудің тиімділігі мен бағыттылығын арттыруда. Премьер-министр Олжас Бектенов айтқандай, басты мақсат – азаматтардың өмір сапасын жақсарту және тұрақты табысқа қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту. Осы бағыттағы саясат алдағы кезеңде де жалғасын таппақ.

Премьер-министрдің сөзімен түйіндесек:

«Әлеуметтік қолдау – елдің беріктігінің негізі. Біздің мақсат – әрбір қазақстандыққа сенімді қорған болу».

27.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20342
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20171
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33849
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37696