Егін – ел ырысы

Егін – ел ырысы

Батысқазақстандық шаруалар көктемгі далалық жұмыстарға кірісіп, егін науқанын еңсеруде. Күні бүгін көктемгі егіске қажетті тұқымдар мен техникалар толық дайын.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті баспасөз мәжілісінде Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин мәлімдеді. Аймақтағы көктемгі дала жұмыстарының өту барысынан хабардар еткен басқарма басшысы ағымдағы жылы жоспарға сәйкес барлық ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 613 мың га құрайтынын баяндады. 

– Атап айтқанда, дәнді дақылдар 291 мың га (47,5%, соның ішінде 92 мың га күздік дәнді дақылдар), майлы дақылдар 119 мың га (19,4%), картоп, көкөніс-бақша 4,2 мың га (0,7%), мал азықтық дақылдар 199 мың га (32,4%). Көктемгі егіске қажетті тұқымдар мен техникалар толық дайындалды. Бүгінде 462 мың га алқапта ылғал жабылып (100%), 167 мың гектар жерге (орындалуы 92%, жоспар 185 мың га) культивациялау жүргізілді, – деді Жасұлан Жолдыбайұлы.

Облыс бойынша бүгінгі күнге барлығы 171 мың га жаздық дақыл (45,8%) егілсе, соның 101 мың га – дәнді дақылдар (50,5 %), 51 мың га майлы (43%)  және 19 мың га мал азықтық дақылдар (37%) құрайды. Бұдан бөлек 660 га жерге картоп, көкөніс-бақша дақылдары (15,8%) отырғызылыпты.

Көктемгі далалық жұмыстарды жүргізуге жанар-жағармай қажет екені белгілі. Осыған орай 8,4 мың тонна дизель отыны бөлініп, кестеге сәйкес 4,5 мың тоннасы (53,6%) Атырау мұнай өңдеу зауытынан алынған. Аталған зауыттан тасымалдаушы оператор – «Petro Retail» ЖШС. Орал қаласындағы мұнай базаларынан жіберу бағасы литріне 254 теңгені құрайды. 

Қара жердің құт-берекесімен еңбектерімен еселеген шаруаларды қолдау шаралары да ұмыт қалмаған. Көктемгі егіс пен егін ору жұмыстарына диқандарды барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында биыл өсімдік шаруашылығын субсидиялау мен қызметтер көрсетуге жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге (соның ішінде субсидиялар – 1,9 млрд тг) бөлінген. Бұдан бөлек, көктемгі дала және егін ору жұмыстарын несиелеуге облысқа 22,0 млрд теңге қарастырылса, соның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 19,0 млрд теңге («Кең дала 2» – 16,0 млрд теңге, «Кең дала» – 3,0 млрд  теңге), «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на 3 млрд теңге бөлінген. Ал шаруаларға 5 пайызбен 7,2 млрд теңге (33%) несие берілген. Одан бөлек 2,1 млрд теңгеге жуық несиенің өтінімдері қаралуда. Өтінімдерді қабылдау әлі де жалғасуда. Сонымен қатар басқарма басшысы Ж.Халиуллин «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 4,9 млрд теңгеге (39,2%)  529 бірлік техника лизингке алынғанын (бөлінген қаражат 12,5 млрд теңге) айтты.

Көктемгі дала жұмыстары – ел азығының, халық тыныштығының бастауы. Уақытпен санаспай, маңдай терін төгіп жүрген шаруалардың тынымсыз тірлігінің нәтижесі күзде берекелі өніммен оралады деген сенім мол.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Батыс Қазақстан облысы

 

23.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14850
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14747
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29895
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28513
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32073