ҒЫЛЫМҒА АПАРАР ЖОЛ

ҒЫЛЫМҒА АПАРАР ЖОЛ

 

Әл-Фараби университетінің жас ғалымдары ұлттық ғылыми бағдарламаларда жетістіктерге жетуде. Олардың жаңашыл зерттеулері әртүрлі ғылыми салалардың ілгерілеуіне үлес қосып қана қоймай, сонымен бірге еліміздің ғылымды дамытудағы басты мақсаттарына сәйкес келеді. Фараби университетіндегі (www.kaznu.kz) жас ғалымдардың бірлескен күш-жігері биотехнология мен инженериядан бастап, экология ғылымы мен компьютерлік технологияға дейінгі кең ауқымды пәндер бойынша перспективалы нәтижелер беріп келеді. Ғылыми зерттеулер мен инновацияларды ілгерілетуге, ғылыми инфрақұрылымды қолдауға және академия, өндіріс және Үкімет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бұл бағдарламалар жас ғалымдардың өсіп-өркендеуі және қоғамның дамуына нақты әсер етуі үшін маңызды.

Фараби университетіндегі жас ғалымдардың жұмысы олардың таланты мен жанқиярлығының айғағы ғана емес, сонымен бірге еліміздің ғылым мен инновацияны дамытуға деген ұмтылысының көрінісі. Ғылыми көшбасшылардың келесі ұрпағын тәрбиелеп, оларға табысқа жету үшін қажетті ресурстар мен қолдауды қамтамасыз ете отырып, Фараби университеті мен ұлттық ғылым бағдарламалары болашаққа қуат беріп, гүлденген және тұрақты қоғамның негізін қалайды.

 

 

«Жас ғалым» жобасының жеңімпазы

 

Сол жас ғалымның бірі Танабекова Гүлжанат Бақытқызы, 2009-2013 жылдары «5В060800-Экология» мамандығы бойынша білім алып, қызыл дипломмен бітірді. 2013-2015 жылдары «6М060800-Экология» мамандығының магистратурасына грантқа түсіп,  магистратураны да үздік аяқтады. 2017-2020 жылдар аралығында «6D060800-Экология» мамандығының докторантурасында оқыды, 2022 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия ғылым докторы PhD дәрежесін иеленді. Сондай-ақ осы жылы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын «Жас ғалым» жобасын ұтып алды, Зоология институтының постдокторантурасына түсіп, зерттеу жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда 45-тен астам ғылыми мақалалар жариялады, сондай-ақ 1 оқу-әдістемелік құрал, 1 авторлық куәлік алды. Магистерлік диссертациясында  Алматы қаласының шайынды суларындағы азот қосылыстарының мөлшері қарастырылды. Диссертациясын жазу барысында зертханалық жұмыстарын жалғастырып, сол бағытта диплом жазып жатқан студенттерге кураторлық жасады. Магистратурада академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Германияның Лейпциг университетінде тағылымдамадан өтіп келді. Докторантураға түсу үшін ағылшын тілін жетік меңгеріп, білімін растайтын сертификаттар алып, экология мамандығы бойынша докторантураға түсіп, ғылыми жетекшісі Ященко Роман Васильевичпен бірге Солтүстік Тянь-Шаньдағы Сиверс алма ағашын зақымдайтын зиянкестердің экологиялық және фауналық ерекшеліктері тақырыбы таңдалды, Синьцзянның экология және география университетінің докторы Лю Жаожимен бірге осы тақырыпта халықаралық  жобаға қатысып, шетелдің ғалымдарымен далалық және зертханалық жұмыстар жасап, академиялық мобильділік бағдарламасымен Қазақстанның зоология институтында, Түркияның Еге университетінде және Қытайдың Орталық Азия жас ғалымдарының біліктілігін  арттыру тренингтерін Қытайдың зоология институтында өтті. Докторлық диссертациясын жазу барысында энтомология ғылымын меңгеріп, экология мен энтомология ғылымдарының тоғысында зерттеулер жүргізді. Сиверс алма ағашы (Malus Sieversii) – Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы экожүйелердегі негізгі орман түзуші жабайы түрлердің бірі. 2500-ге жуық алма сорттарының заманауи генетикалық зерттеулері Сиверс алма ағашы жер бетіндегі барлық дерлік сорттарының атасы екенін көрсетті. 2018-2020 жж. аралығында ҚХР Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының әріптестерімен Қазақстанмен (Шыңжаң) шекаралас аудандарда белгілі зиянды зиянкесті Agrilus mali анықтау бойынша бірлескен және жеке жүргізген зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда табылған жоқ. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Сиверс алма ағаштарында анықталған зиянкес жәндіктердің аннотациялық тізімі дайындалды және әр түрге экологиялық және биологиялық сипаттамалары берілді. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Сиверс алма ағашының зиянкес жәндіктердің ең маңызды үш түрінің фенологиялық күнтізбесі жасалды. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Сиверс алма ағашының зиянкес жәндіктеріне экологиялық, биологиялық сипаттама берілген, атап айтқанда, қоректік байланыстар, тіршілік айналымдары, көбеюі және анықталған Сиверс алма ағашының барлық зиянкес жәндіктердің тіршілік формалары, сондай-ақ, Сиверс алма ағашының барлық анықталған зиянкестердің қоректік бейімділігі зерттелді. Сондай-ақ, 2018-2020 жылдары Іле және Жетісу Алатауы аумағындағы жергілікті фаунаның зиянкестік дәрежесі анықталды. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Сиверс алма ағашына зиянкес жәндіктердің  тигізетін қауіп-қатерін азайту шаралары ұсынылды, мысалы, Сиверс алма ағашының жабайы популяциясының табиғи экожүйелерін сақтау бойынша ұсыныстар және оған тән зиянкестермен күресу үшін нақты ұсыныстар дайындалды.

Зерттеу жұмысы нәтижесінде шетелдің жоғарғы рейтингті баспаларында зерттеу нәтижелері жарияланып, атап айтсақ, Америка мен Қытайдың ғылыми журналдарында жарық көрген, сонымен қатар Индонезия, Украина, Малайзия, Россия мемлекеттерінің халықаралық конференцияларында баяндама жасаған. Сондай-ақ Жалпы ұлттық «Бөбек» қозғалысының ұйымдастырылуымен өткен «IV Халықаралық кітаптар жинағында», «Үздік жас ғалым – 2021» номинациясы бойынша медальмен және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ТМД елдері арасындағы «100 жаңа есім – 2022» номинациясын жеңіп, медальмен және І дәрежелі дипломмен марапатталды. Конкурсты Жалпыұлттық қозғалыс «Бөбек» қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Гүлжанат Бақытқызының жетістіктері «ТМД-ның 100 жаңа тұлға-2022» Талантты көшбасшылардың халықаралық энциклопедиясының I кітап жинағында  жарияланған.

Көп тіл меңгеруді мақсат еткен замандасымыз, қазір 4 тіл (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) меңгерген, ағылшын тіл бойынша сертификаттарды (IELTS – 5.5, TOEFL ITP - 467) иеленген.

Ресейдің Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсында профессионалды білімнің теориясы мен әдістемесі номинациясын жеңіп, медальмен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Сиверс алма ағашының құпиясы

 

Докторлық диссертациясын жазу барысында энтомология ғылымын меңгеріп, экология мен энтомология ғылымдарының тоғысында зерттеулер жүргізді. Сиверс алма ағашы (Malus Sieversii) – Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы экожүйелердегі негізгі орман түзуші жабайы түрлердің бірі. 2500-ге жуық алма сорттарының заманауи генетикалық зерттеулері Сиверс алма ағашы жер бетіндегі барлық дерлік сорттарының атасы екенін көрсетті. 2018-2020 жж. аралығында ҚХР Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының әріптестерімен Қазақстанмен (Шыңжаң) шекаралас аудандарда белгілі зиянды зиянкесті Agrilus mali анықтау бойынша бірлескен және жеке жүргізген зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда табылған жоқ. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Сиверс алма ағаштарында анықталған зиянкес жәндіктердің аннотациялық тізімі дайындалды және әр түрге экологиялық және биологиялық сипаттамалары берілді. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Сиверс алма ағашының зиянкес жәндіктердің ең маңызды үш түрінің фенологиялық күнтізбесі жасалды. Сондай-ақ, 2018-2020 жылдары Іле және Жетісу Алатауы аумағындағы жергілікті фаунаның зиянкестік дәрежесі анықталды. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Сиверс алма ағашына зиянкес жәндіктердің  тигізетін қауіп-қатерін азайту шаралары ұсынылды, мысалы, Сиверс алма ағашының жабайы популяциясының табиғи экожүйелерін сақтау бойынша ұсыныстар және Сиверс алма ағашына тән зиянкестермен күресу үшін нақты ұсыныстар дайындалды.

 

 

 

«Невада-Семей» қозғалысының алтын төсбелгісі

 

Еңбек жолын осы университеттен бастады, 2013-2017 жылдар аралығында  Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында маман болып жұмыс жасады. 2019 жылдан бастап аға оқытушы болып қызмет етеді.  «Жасыл көпір» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» Халықаралық жастар конференциясының тұрақты ұйымдастырушысы, сонымен қатар қазақстандық және шетелдің жастарымен ақпарат алмасатын платформа «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» https://greenbridgework.kaznu.kz/ сайтын үш тілде жүргізді. «Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына «жасыл» кеңселерді енгізу» (2014-2015) жобасына және «I-WEB Су айналымын интеграциялық басқару: білім және бизнес саласындағы дамыту» (2016), «Тянь-Шаньнің жабайы алмалы ормандардың экологиялық менеджменті» (2017-2019) халықаралық жобаларына қатысты. Докторлық диссертациясының тақырыбы «Солтүстік Тянь-Шаньдағы Сиверс алма ағашының (Malus sieversii) жабайы популяцияларына зиян келтіретін жәндіктердің экологиялық және фауналық ерекшеліктері» болғандықтан, зиянкестерге байланысты зерттеулер жүргізді. Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Қытай елінің Зоология институтында және Түркиядағы Еге университетінің ауыл шаруашылық факультетінде және Германия елінің Лейпциг университетінде біліктілігін арттырып, шетел зерттеушілерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Зерттеу жұмысы барысында ерекше қорғалатын аймақтармен жұмыс жасағандықтан, Қазақстан телеарнасының тапсырысымен дайындалған Іле-Алатау, Шарын және Көкшетау табиғи ұлттық саябақтары жайлы деректі фильмдерге сценарий жазуға атсалысып, фильм авторлары қатарына енді. Сонымен қатар  15-тен астам имидждік мақалалар жариялады.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы ғаламшардағы ең беделді және бітімгершілік жолындағы тиімді қозғалыстың бірі болып табылады. Жер бетінде полигондар тұрған кезде «Невада-Семей» қозғалысы өз жұмысын тоқтатпайды. Сол мақсатпен «Невада-Семей» қозғалысының жастар ұйымы Олжас Омарұлының және Ғалым Мұтанұлының бастамасымен 2016 жылы 1 қараша күні құрылған болатын. Сол уақыттан бері «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысымен бірігіп жұмыс жасап келеді. Еңбегі бағаланып, 2021 жылы Халықаралық антиядролық Невада-Семей қозғалысының мерейтойлы алтын төс белгісімен Олжас Омарұлы марапатталды.  2023 жылы қарашаның 14-15 аралығында Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның жастар форумына қатысты. Форум барысында олар климаттың өзгеруінің әлеуметтік салдарын жою бойынша шешімдерді әзірледі. Халықаралық форумға әлемнің 117 елінен келген жастар қатысты. Айта кетерлігі, аталмыш форумға мемлекетіміздің жастарынан бірталай өтініштер келген, алайда ішінен Гүлжанат Бақытқызы таңдалды, себебі еліміздің атынан қатысу үшін ЮНЕСКО-ның штаб-квартирасынан шақырту алды. Қазақстан жастарының әлемдік деңгейде зерттеулер жүргізіп, білім жолында екенін көрсетті. Гүлжанаттың қазақтың ұлттық киімде түскен фотосы жастар форумының бейнесі ретінде ЮНЕСКО-ның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Болашақта Гүлжанат Бақытқызы ғылым жолында биік белестерге жетеді деп сенеміз.

                        

 

 

А.К.ҚОЖАХАН,

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО Кафедрасының

 Қауымдасқан профессоры

 

 

11.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1165
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7214
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11078
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7278
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7425