Көктем мерекесі көне шаһарда да кеңінен тойлануда

Көктем мерекесі көне шаһарда да кеңінен тойлануда

14 наурыз – Көрісу күніне орай Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінде  мерекелік шара өтті.

Шара барысында қонақтар «Нұр тарайды Наурыздан» атты кітап көрмесін тамашалап, «Дулати» халықтық студенттік жастар театрының театрландырылған қойылымын көрді. Қойылымда достық, ұлттық дәстүр, жастар тәрбиесі тақырыптары айшықталды.

Шара барысында көпшілік қол алысып құшақтасып, бір-біріне тілектерін жаудырды. Сондай-ақ қариялар ақ баталарын берді.

Мерекелік шара өңір өнерпаздарының ән шашуымен түйінделді.

Атап өтейік,  береке мен бірліктің мейрамы Көрісу дәстүрі – қыстың қыспағы мен қиындығынан аман-есен шыққан халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күндерінің бірі. Сол себепті, бұл мейрамды тойлау, бір күнмен шектелмейді, жыл бойы жалғасады. Өйткені, Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.

Айта кетейік, бұл күні облыс аудандарының бәрінде тақырып мазмұнын аша түсетін игі шаралар ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
14.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 37
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 72
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 57

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1593
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7626
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11504
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7667
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7826