Маңызы зор патриоттық акция

Маңызы зор патриоттық акция

Оралда 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арнап «Жас сарбаздардың патриоттық акциясы» ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаладағы Жеңіс алаңында сап түзеген оқушыларды мерекемен құттықтаған Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов: 

– Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар да сондай ілтипатқа ие. Бүгінгі ұрпақ олардың қайсарлығынан үлгі алып, бой түзейді. Осы шараға қатысушы жас буынның Отанға деген патриоттық сезімдері одан әрі артып, еліміздің тірегі болар азамат болып өсулерін тілеймін, – деді. Шаһар басшысы өскелең ұрпақты мектеп жасынан Отанды қорғауға үйретудің, жастарды Қарулы күштер қатарында борыштарын өтеуге және отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызын атап өтті. 

Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағы, мектептерде құрылған әскери патриоттық клубтар мен жас жол сақшыларының саптық көрсетілімі ұсынылды. Бұдан әрі патриоттық шара қала мектептері оқушыларының саптық шеруімен жалғасты.  Шеруге 700 оқушы қатысты. 

– Шаһарымыздағы 50 мектепте патриоттық клубтар жұмыс жасайды. Үш мектепте «Жас сарбаз» сыныбы ашылды. Бұл сыныптарда оқушылар білім алумен қатар, әскери өнердің алғашқы әліппесін меңгеруде. Алдағы уақытта осындай тағы бес «Жас сарбаз» сыныбын ашу көзделген. Сондай-ақ дәл осы күндері оқушылардың әскери-далалық жиыны өткізіліп, оған 1200 ұл бала қатысты, – деді қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметкері Эльмира Нұғманова.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 50
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 47
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 35

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1580
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7615
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11492
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7658
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7817