Қазақстанда өтіп жатқан алғашқы Құрылтай сайлауына халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығы ерекше. Елімізге Еуропа, Азия және ТМД кеңістігіндегі елдерден жүздеген халықаралық бақылаушы келуде. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның өкілдері болып табылатын тағы 405 халықаралық бақылаушыны аккредиттеді. Бұл туралы ОСК отырысында Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман хабарлады.
«Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымнан 405 байқаушының кандидатурасы аккредиттеуге ұсынылды. Оның ішінде ТМД Байқаушылар миссиясынан – 75,, ТМД ПАА-нан - 23, ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясынан - 208, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясынан - 23, Түркі мемлекеттері ұйымы Байқаушылар миссиясынан – 10, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы Байқаушылар миссиясынан – 22, ШЫҰ Байқаушылар миссиясынан – 11, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінен (АӨСШК) – 9, Азық-түлік қауіпсіздігі ислам ұйымынан - 7, сондай-ақ Литва, Түркия, Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Нидерланд Корольдігі және Тәжікстаннан - 17 байқаушы бар», - деп атап өтті Мұхтар Ерман.
ОСК-да халықаралық байқаушыларды аккредиттеу әлі де жалғасып жатқаны атап өтілді. Ұсыныстар келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы деректер жаңартылып отырады.
Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға Орталық сайлау комиссиясы 656 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.













