Қазақ – ұлт, өзгелері этнос екенін ұмытпайық!

Қазақ – ұлт, өзгелері  этнос екенін ұмытпайық!

«Енді 30-40 жылда Қазақстанда тек қазақ ұлты қалады. Қазіргі орыс бастаған этностар бара-бара қазаққа сіңісіп, жойылады» деген бір демограф ғалымның болжамы талайларды ойландырғаны, толғандырғаны анық. Мен де ойландым. Бұрын Кеңес империясы кезінде «130 ұлттың (этностың емес) лабораториясы» атанған Қазақстанымызды осылай мақтаныш тұтатынбыз. «1 мамыр – Бірлік күні» мерекесі тәуелсіз қазақ елінің өміріне Кеңестер Одағының бір ескі көз болып енді. Рас, бұл мейрамды Кеңес кезіндегідей теңіздей толқытып алып алаңдарда өткізу тоқтатылды. Назарбаев оның есесіне Ассамблея дегенді ойлап тауып, оны мемлекет тарапынан қыруар қаржымен қамтамасыз етіп, өзге этностардың мәртебесін 30 жыл бойына айбынын асырмаса, бір сүйем түсірген жоқ. Оларға обалы не керек, барлық жағдай жасалды. Парламент Мәжілісіне 10 депутат солардан еш сыйлаусыз өткізіліп тұрды. Екінші Президентіміз таққа отырғанда Ассамблея туы төмен түсетін шығар деген ойда болғанбыз. Бірақ «баяғы жартас – сол жартас» қалпында қалды. 

Биліктің де, халықтың да бір түсінбей жүрген мәселесі бар. Ол ұлт пен этностың айырмашылығын сезінбеу, білмеу немесе білмегенсу. Қазақстанда ежелден өмір сүріп келе жатқан байырғы жұрты, ол – қазақ. Ал қалғандары әр кезеңде көшіп келген келімсектер. Яғни этностар. Біз осыны ерекшелеп айтып қоймай, Ата Заңымызда алтын әріптермен жазып қоюымыз керек. Биліктің еркелері болып саналатын (әрине, бәрі емес) этностар, әсіресе орыс этносы Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілін әлі де мойындамай келеді. Соңғы жылдары тіптен біздің мемлекеттік тілімізді көзге ілуден қалды. Соларға ерген намыссыз «қара орыстар» да өз ана тілін тәрк етіп теріс айналып жүргенін көргенде жүрегің ауырады.

«Өзінің тілінде сөйлемейтін бір ұлт бар, ол  – қазақтар» деген масқара сөзді кез келген шетелдіктер айтып жүр. Осы жақсы ма? Әлбетте, бұл нағыз бейшаралық, намыссыздық! Тіл жанашырлары мұны қаншама рет айтқанмен, еш нәтиже болмай тұр.

Басқа этностарға біздің елімізде өз тілдерін ұмытпау үшін барлық жағдай жасалғаны бесенеден белгілі. Бірақ оны олар біліп жатқан жоқ. Рас, мемлекетімізге ауызбіршілік, ынтымақ ауадай қажет. Бірақ ол тек қазаққа ғана керек пе? Бәрімізге керек. Әділеттілік салтанат құруы тиіс. Ол – басқа этностардың мемлекеттік тіл қазақ тілін үйренуі, мойындауы. Сонда ғана біздің елімізде әділеттілік орнайды, нағыз шынайы ынтымақ, бірлік орнайды. Қалай болғанда да тарих өз дегенін істейді. 30-40 жылдан кейін бұл қасиетті жерімізде тек қана қазақтар өмір сүреді  деген болжам жүзеге асатыны сөзсіз. Лайым, солай болғай!

 

23.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 57
ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 39
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 51

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1345
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7390
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11259
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7442
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7597