ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ ШУ ВОКЗАЛЫ ТОТЫДАЙ ТҮРЛЕНЕДІ

ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ ШУ ВОКЗАЛЫ ТОТЫДАЙ ТҮРЛЕНЕДІ
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу вокзалы – еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын жалғап тұрған теміржол саласындағы маңызды нысандардың бірі.

Бұл жерде Тұрар Рысқұлов пен Мұхамеджан Тынышбаев сияқты ұлт қайраткерлерінің маңдай тері мен табан ізі қалған. Кейін келе Шу қаласына аудандық деңгейдегі қала мәртебесі беріліп, вокзалдың өз алдында дербес тіршілігі басталды. Осылайша, талайдың  табаны тиген нысанның тәуелсіздік таңы атқан тұста екінші тынысы ашылды. 

Ұшқан құстың қанаты, сәйгүлік тұл­пар­дың тұяғы талатын Алтай мен Аты­раудың арасына көпір болып келе жатқан вокзал арқылы тек еліміздің ғана емес, Ташкент, Мәскеу, Бишкек секілді шетелдің ірі қалаларына да қатынауға болады. 

Осы тоғыз жолдың торабында тұрған Шу темір жол вокзалы 1989 жылы пайдалануға берілген.
1-сыныпты вокзалдың жалпы алаңы 7035,6 ш.м. Күнделікті 32 (қос бағытта) бірлік жолаушылар поездарын қабылдайды. Жолаушылар айналымы тәулігіне 1000-1200 адам.
Шу вокзалының қайнаған тіршілігі көп­ші­лікке жақсы таныс. Осылайша, бұл ғимараттың ішіне күн сайын мыңдаған адам кіріп-шығып жатқанын ескерсек, көпшіліктің қауіпсіздік мәселесі бірінші орында болуға тиіс. Күн сайын әрі-бері өт­кен, болмаса аялдаған туристер де вок­зал­дың бүгінгі жай-күйіне назар ауда­ратыны анық.
Ал, тоғыз жолдың торабындағы вокзал  жөнделмесе біздің абыройымызды кө­тер­месі анық. Сондықтан вокзалды күр­делі жөн­деуден өткізу – кезек күттірмейтін мә­селе.
Қазіргі таңда “ҚТЖ” ҰК” АҚ тарапынан тиісті акт жасалып, вокзалды күрделі жөндеуге жоба дайындалуда. Бұл күнде осы Шу вокзалын білмейтін адам жоқ шығар.
Енді вокзал маңы құлпыра түспек. Өйткені вокзал айналасын абаттандырудың жобасын аудан әкімдігі дайындап отыр.
Осы вокзал ар­қылы туристер біздің мәдениетіміз бен әлеуетімізді тани түсетіні даусыз. 
 
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
29.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 33
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 66
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 54
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1589
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7623
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11502
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7665
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7824