Волонтерлер әрқашан көмекке дайын

Волонтерлер әрқашан көмекке дайын

Әр өңірлерде су тасқыны басталғаннан бастап волонтерлер жан-жақты көмек беруде.  Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында «Жастар Рухы» ЖҚ филиалдары жанынан жедел әрекет етуші Республикалық волонтерлер штабы құрылды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жастар Рухы» волонтерлері  аянбай көмек көрсетуде. «Biz Birgemiz» ҚҚ қолдауымен тасқын судан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап, азаматтарға үлестіріліп жатыр. Сондай-ақ «Жастар қанаты» волонтерлері аймақтардағы Жастар ресурстық орталықтарымен де бірлесе жұмыс істеуде. Қатарымызға қосылғысы келетін азаматтарға есігіміз ашық», – делінген «Жастар Рухы» хабарламасында. Бүгінде су тасқынына қарсы күреске барлығы 20 мыңнан астам волонтер жұмылдырылған. Ол жайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Қоғам белсенділері, волонтерлер және қарапайым азаматтар зардап шеккен жандарды қауіпсіз аймаққа көшіріп, гуманитарлық көмек жинау және жеткізуге, тұрғындарға ақпарат таратуға бір кісідей жұмылып,  маңызды жұмыс  атқаруда. Біразы Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ақмола және өзге де облыстардағы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр. «Аймақтар бойынша волонтерлікке қатысты түрлі оқытулар өткіземіз. ЖОО-да, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес секторларында да осы волонтерлікке қатысты түрлі тренингтер өткізіледі. 2021 жылдан бастап 2023 жылға дейін Ұлттық волонтерлік желісі Республикалық волонтерлер фронт-офисі «Вirgemiz: áreket ýaqyty» жобасын жүзеге асырды. Осы жоба аясында өңірлерде аймақтық фрон-офистер ашылды. Ол кеңселердің негізгі қызметі аймақтардағы волонтерлік ұйымдарға көмек көрсетіп, олардың қызмет етуіне жәрдемдесу. Өз аймақтарында волонтерліктің дамуына байланысты қандай да бір мәселелер болса, оны республикалық фронт-офиске айта алады», – дейді ол. 

2016 жылы волонтерлікке қатысты заң қабылданып, 2022 жылы өзгертулер енгізілген екен. «Сол өзгертулер аймақтық фронт-офистердің берген мәліметі бойынша және ұлттық волонтерлық желісінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде енгізілген. «Біргеміз: әрекет уақыты» жобасынан бөлек Юнисефпен бірлескен жобалар да бар. Онда мектеп оқушыларына арналған БҰҰ балалар қорымен бірлесіп бірқатар жоба енгізілді. Мысалы, төтенше жағдай кезінде балалардың өздерін қалай ұстауы керектігі бойынша нұсқаулықтар таратылды. «Қауіпсіз интернет» жобасы бойынша оқушыларға интернеттегі мәдениет түсіндіріліп өтті. Волонтерлер осы тақырыптар бойынша арнайы оқытулардан өтіп, кейін мектеп оқушыларына сабақ бере алады екен.

Сондай-ақ ол «Жеңіс» атты ауқымды жоба бар екенін айтты. Ол дәстүрлі түрде жыл сайын жүзеге асырылып келеді. «Ол ҰОС және тыл ардагерлеріне волонтерлердің көмегімен рейд жасалады. Жыл сайын ең үздік волонтерлік жобаларды жинақтап, баяндамалар жарияланады. Сондай-ақ арнайы платформалар арқылы ақпарат таратуға тырысамыз.  Негізгі біздің қоғамда волонтерлікке жатпайтын белсенді істер бар. Солардың бірі – қайырымдылық. Яғни, емге, баспанаға қаражат жинау. Онымен айналысатын қайырымдылық қорлар бар. Олар жеке заң аясында қызмет етеді. Волонтерлік ұйым мен қайырымдылық қорларының мақсаты ұқсас. Ол – адамдарға көмектесу. Сондықтан бірге  жүретін бағыт деп айтуға болады. Ұлттық волонтерлік желісі Семейде болған орман өрті кезінде қаражат жинауды жариялаған болатын. Сол өрт салдарынан зардап шеккендердің отбасына көмек көрсеткен болатын», – дейді Ұлттық волонтерлерлік желінің ұйымдастырушысы Айдана Мақышева. 

Оның айтуынша, қазір су тасқынына байланысты біздің волонтерлер тарапынан да 20 өңірде көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. 

«Волонтерлік штабтар құрылды. 14 аймақта су тасқыны салдары бойынша гуманитарлық көмек беру пункттері ашылды. Онда қажетті заттар тізімі бойынша киім-кешек, төсек орындар, резеңке етік, көрпелер сынды керекті заттар жиналып жатыр. Волонтерлер көмек көрсету штабтарында төтенше жағдай қызметкерлерін тамақтандыру мен зардап шеккен азаматтарға азық-түлік беру, келген киім-кешекті сұрыптау бойынша көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ басқа аймақта зардап шеккен өңірлерге тонналап көмек көрсетілуде. Мысалы, қазір елордада 9 қойма жұмыс істейді. Жинақтауға 30 волонтерлік ұйым мен 200 волонтер жұмылдырылған. 70-тен астам волонтердің қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында 500-ден астам адамға көмек көрсетілді. БҚО-да мыңнан астам волонтер, Арқалықта 1500-ге жуық волонтер, Абай облысында 500-ден астам волонтер, Түркістанда мыңға жуық волонтер су тасқынына күрес шараларына қатысып жатыр», – дейді Айдана Мақышева. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр. Жалпы республика бойынша қиын-қыстау жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетуге және қарғын су салдарын жоюға Ассамблеяның 9 мыңнан астам волонтері атсалысып жүр. Барлық аймақтардағы Достық үйінде еріктілер орталығы және гуманитарлық көмекті қабылдау орындары ұйымдастырылды. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккен адамдарды азық-түлікпен, ыстық тамақпен, киім-кешекпен, қажетті заттармен және техникамен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда Ассамблея тарапынан берілген қайырымдылық және гуманитарлық көмектің көлемі 110 миллион теңгеден асты.

Еліміздегі волонтерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіру – маңызды міндеттің бірі. Мұны «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты өз мойнына алды. Ауқымды филиалдар желісі және мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибесі бар «Жастар рухы» ерікті құтқарушыларды жинау, гуманитарлық көмекті сұрыптау және жеткізу жұмысын тиімді атқарып отыр.

«Бүгін бірқатар ірі волонтерлік бірлестіктің өкілдерімен кездестік. Күнделікті ұйымдастыру мәселелерін талқылап, бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою үшін бірлесе жұмыс жүргізе беруге уағдаластық», – деді Ерлан Қарин. АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық волонтерлер желісі жедел штабының жұмысы аясында еліміздегі 20 аймақтың әрқайсысында өңірлік волонтерлер фронт-кеңсесі базасында call center құрылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

«Егер сіз волонтер болғыңыз келсе немесе волонтерлік жобаны жүзеге асырғыңыз келсе, әлеуметтік желілердегі (Kz_nvs-instagram) парақшасы мен +7 708 706 4242 байланыс нөміріне  хабарласа аласыздар. Біздің кеңсе Астанада орналасқанымен, барлық аймақ бойынша волонтерлік ұйымдар мен жобалар бойынша ақпарат бере аламыз. Сондай-ақ әлеуметтік желіде қай өңірде қандай жоба бар екенін жариялап тұрамыз», – деді Айдана Мақышева.

Волонтер болуға ниет білдіргендердің барлығы фрон-офистен ақпарат ала алады. Тағы да қайталап айтамыз, зардап шеккендерге көмек көрсетіп, волонтерлерді бөлуді үйлестіру үшін бірыңғай байланыс нөмірі +7 708 706 4242 жұмыс істеп тұр.

Ақтөбе облысы

* Өңірде 4 мыңға жуық волонтерлік топтың қатысуымен су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасып жатыр. Бүгінде олар су басқан үйлерден 2 мыңнан астам тұрғынды қажетті керек-жарақпен бірге эвакуациялауға көмек көрсетті, ерікті такси жүргізушілері тұрғындарды эвакуациялық пункттерге тегін тасымалдады. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау жүріп жатыр. Соңғы тәулікте еріктілер 6000 адамға ыстық тамақ таратты. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

Ақмола облысы

* Су тасқынына қарсы іс-шараларға 200-ден астам волонтер қатысып, зардап шеккен 500-ден астам азаматқа көмек көрсетілді. Су басқан аумақтардың тұрғындарын эвакуациялау, ТЖД, басқа да құтқарушы қызметкерлерге ыстық шай мен тамақ ұйымдастырылды. Көкшетау қаласында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, қажетті заттарды қабылдау пункттері ашылды.

Батыс Қазақстан облысы

*300-ге жуық волонтер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып, эвакуацияланған тұрғындарға жатын орындарымен және азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр.

Қостанай облысы

*Елді мекендерде 600 адамға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін қоса есептегенде 200 волонтер тұрғын үйлерден су шығарып, тұрғындарды қауіпті жерлерден эвакуациялық пункттерге жеткізіп, азық-түлік өнімдерін тасымалдау жұмыстарын жасады.

  Жалпы, елдегі аймақтарда зардап шеккендерге көмек жинау пункттеріне 20000 волонтер жұмылдырылды. Соңғы ақпарат бойынша 12 701 адам, оның ішінде 4 728 бала эвакуацияланды. Уақытша қоныстану пункттерінде 6 461 адам, оның ішінде 2 570 бала бар. Төтенше жағдай басталғаннан бері 4,2 млн м³-тан астам еріген су сорылды.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
11.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1143
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7188
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11049
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7252
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7399