ЗАҒИП ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

ЗАҒИП ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» атты ұлтаралық жарыс өтті. 

Мақсаты: болашақ ұрпақты  ынтымақтыққа, достыққа, өз отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу жас ұрпаққа біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін, тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. 

Жарысқа  №2 «Болашақ» арнайы мектеп интернаты оқушыларының арасынан қазақ, орыс, әзербайжан, украин 4 ұлт өкілдері қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Нақты айтқанда таныстыру, салт-дәстүр, мақал –мәтел, өзге мемлекеттердің туын екен табу  және  өз өнерлерін ортаға салу. Барлық кезеңдерде сайыскерлер өз тілдерінде жарысқа түсті.  

Іс-шара соңында әділ қазылар алқасы қатысушыларды І дәрежелі дипломмен Сағындық Айсана, ІІ дәрежелі дипломмен Свердюк Данил, ІІІ дәрежелі дипломмен Садаев Евгений марапатталып, сондай-ақ Ахмедова Лора алғыс хатпен марапатталып,  бағалы сыйлықтар берілді.

Гүлзада Қырықбаева, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері
25.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 68
ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 47
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 60

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1354
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7398
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11267
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7451
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7604